Кіші Ақсу – Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемі.
Географиялық орны Түркістан облысы Түлкібас ауданы жерінде орналасқан. Батысы Тереңсай өзеніне, шығысы Қаракүзеу тауына ұласады.
Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 20-25 км-ге созылып жатыр, ені 4-6 км. Орташа биіктігі 1500-2000 м. Ең биік жері 2901 м. Беткейіндегі бұлақтардан Жабағылы, Тасбастау, Күзеусай, Қарасай, Көксала өзендері басын алады.
Геологиялық құрылымы Палеозойлық әктас, гранитті жыныстардан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр, сұр қоңыр топырағында арпабас, қияқ, бидайық, аршаның бірнеше түрі, бұта аралас жеміс ағаштары өседі.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
Дереккөздер
Санат:Түлкібас ауданы таулары