Константин Данилович Грицынин (13.10.1905, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов атындағы ауылы – 12.10.1943, Чернигов облысы Репки қаласы) – Кеңес Одағының Батыры (15.1.1944)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 15 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 23 января (№ 4 (264)). — С. 1.. 1942 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылып, 7-гвардиялық атты әскер корпусының 60-гвардиялық атты әскер полкінде взвод байланысшысы болды. Днепр үшін болған шайқаста алғашқылардың бірі болып оң жағалауға жетіп, телефон байланысын қамтамасыз етті. Жаудың өздігінен жүретін зеңбірегін жойды. Ауыр жараланып, шайқастан кейін қаза болды. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Туған ауылындағы, Репки қаласындағы көшелерге Грицынин есімі берілген..«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1905 жылы туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар