Билікөл ауылдық округі — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Әбдіқадыр, Дарбаза, Жылыбұлақ, Қарабастау ауылдары кіреді. Орталығы – Қарабастау ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әбдіқадыр ауылы 313 180 57,5 151 85 56,3 162 95 58,6 Дарбаза ауылы 174 150 86,2 89 81 91 85 69 81,2 Жылыбұлақ ауылы 301 275 91,4 149 137 91,9 152 138 90,8 Қарабастау ауылы 1045 1029 98,5 546 537 98,4 499 492 98,6 Жалпы саны 1833 1634 89,1 935 840 89,8 898 794 88,4
Жер көлемі 1124,2 шаршы шақырым. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 107797 га, оның ішінде тәлімді жері 5288 га, мал жайылымдығы 57105 га, шабындығы 4333 га, суармалы 287 га. Округ аумағында Билікөл су айдыны бар.
Инфрақұрылымы 2 орта, 2 негізгі, 2 бастауыш мектеп, балабақша, мәдениет үйі, 2 кітапхана, ауылдық амбулатория, фельдшерлік пункт жұмыс істейді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы ауылдық округтері