Гродеков ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Гродеково, Қызылдихан ауылдары кіреді. Орталығы – Гродеково ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Гродеково ауылы 4085 6461 158,2 2020 3202 158,5 2065 3259 157,8 Қызылдихан ауылы 2082 766 36,8 1027 403 39,2 1055 363 34,4 Жалпы саны 6167 7227 117,2 3047 3605 118,3 3120 3622 116,1

Ауылдық округте Гродеково арта мектебі, Қызылдихан бастауыш мектебі, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, "Сенім" емдеу оралығы, "БМ" ЖШС-і бар.

Ауыл маңы табиғаты Гродеково ауылын 3,5 км-дей бойлай ағатын Талас өзені - Қырғыз Алатауынан бастау алады, тереңдігі 1,3-2 м. Ауылдық округтегі Түйте каналы мен Кож каналы ауылды көріктендіруге, көгеріштендіруге өз үлесін қосып келген су жүйелері. Костянкин тоғаны - "ХХІ партсъезд" шаруашылығын ұзақ жылдар басқарған, білікті басшы А.Л. Костянкин есімімен аталады. Талас өзенінің сағасында қолдан жасалған тоған. Суды Талас өзенінен алады. Егістікті суғаруға да кеңінен пайдаланады. "Талас" шекара қақпасы - Қырғызстан Республикасымен шекарада орналасқан.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері