Имитация ( – еліктеу, көшірме), музыкада – көп дауысты шығармаларда негізгі тақырыптың әуелі бір дауыста, кейін басқа дауыстарда кезекпен қайталануы.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Кейде имитация әуен басталмастан бұрын пайда болады да, негізгі әуенмен ұласып, шығарманың тыңдаушыға қонымды болып естілуін қамтамасыз етеді. Имитацияның негізі – фуга, ол, көбінесе, канондарда жүреді. Имитация алғашында көп дауысты ән жанрында дамып, кейін полифониялық кәсіби шығармаларда кеңінен қолданылып келеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Имитация— өнертану мен мәдениеттануда белгілі бір өнердің стиліне, мектебіне, бағытына, шеберлік мәнеріне еліктеуді білдіретін үғым. Елікгеуші мүлде басқа тәсілмен, көркемдік құралдарымен мақсат еткенін айнытпай келтіріп, қайталауы мүмкін.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Мәдениеттану Санат:Әлеуметтану Санат:Терминология