Қылаң зайсан Қылаң зайсан(1860 — 1920) — Абақ Керей руының биі. Моңғолияға қазақ көшін бастап барған. Шыңжаңдағы Алтай аймағында дүниеге келген. Қытай билігіне қарсы болып, 400 отбасын бастап, Батыс Моңғолияға қоныс аударды. 1912 ж. Моңғол билеушісі Боғдаханға қазақтар атынан хат жазып, қол астына алуын және жайылым жер беруін өтінді. Сол жылы қазақтар моңғол билігіне өтті. Қылаң зайсанға Моңғолиядағы қазақтардың басшысы ретінде мөр, сый-сияпат және “Мәртебелі Зайсан” лауазымы берілген. 1919 ж. болған қақтығысты сылтау еткен Қытай өкіметі 1920 ж. Қылаң зайсанды қолға түсіріп, өлтірді. өрпақтары қазір Моңғолияда тұрады.
Дереккөздер [Қазақстан энциклопедиясы]
Санат:Тарих