Сағади Байұзақұлы Бөлекбаев (1946 жылы, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Беріктас ауылында туған) – философия ғылымдарының докторы (1999 жылы), профессор (2000 жылы).
1973 жылы Қазақ Мемлекеттік Университеттің (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) философия-экономика факультетін бітірген. 1973–80 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде, 1980–89 жылдары Қазақ Мемлекеттік Университетінде, 1989–94 жылдары Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс институтында(қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы), 1994–99 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 1999–2000 жылдары'Орталық Азия университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болды. Бөлекбаевтың еңбектері өтпелі кезеңдегі экономика мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын, әлеуметтік-философия мәселелерін зерттеуге арналған. 40-тан аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Шығармалары "Логика", Бөлекбаев С.Б.. Ғабитов Т.Х., Алматы, 1997. ;
Дереккөздер
Сілтемелер «Халықаралық қатынастар факультеті»
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар