Түйнекөлі немесе Түйнекөлең«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том () – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі.
Таралуы Дүниениежүзінде кең таралған, тек қана солтүстік суық аймақтарда өспейді. 2013 жылдың жағдайында текте 15 түрі белгілі.
Қазақстанның барлық жазық өңірлеріне тараған 3 түрі бар. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – Теңіз түйнекөлігі (). Ылғалды шабындықтарда, су бөгендерінің, жылғалардың және арықтардың жағалауларында, негізінен тұзды топырақты жерде өседі. Биіктігі 50 – 80 см. Төсемелі тамырларының ұшында шар тәрізді түйнектері болады. Сабағы үш қырлы. Жапырағы ұзынша, жалпақ. Гүлі қосжынысты, дара масақтан құралған шашақ гүлшоғырынан тұрады. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – үш қырлы жаңғақша. Теңіз Түйнекөлінің түйнегінде крахмал көп болады, оны ұн алуда пайдаланады. Жұғымды мал азығы.
Түрлері
Bolboschoenus caldwellii, (V.J.Cook) Soják Bolboschoenus capensis, (Burm.f.) Holub Bolboschoenus fluviatilis, (Torr.) Soják Bolboschoenus glaucus, (Lam.) S.G.Sm. Bolboschoenus grandispicus, (Steud.) Lewej. et Lobin Bolboschoenus laticarpus, Marhold, Hroudová, Ducháček et Zákr. Bolboschoenus maritimus, (L.) Palla Bolboschoenus medianus, (V.J.Cook.) Soják Bolboschoenus nobilis, (Ridl.) Goetgh. et D.A.Simpson Bolboschoenus novae-angliae, (Britton) S.G.Sm. Bolboschoenus planiculmis, (F.Schmidt) T.V.Egorova Bolboschoenus robustus, (Pursh) Soják Bolboschoenus schmidii, (Raymond) Holub Bolboschoenus stagnicola, (Raymond) Soják Bolboschoenus yagara|aut=(Ohwi) Y.C.Yang et M.Zhan
Дереккөздер
Санат:Қияқөлеңдер