Рақым Алшынбаев (27,1, 1893, Сырдария ауданы Қарақасқа а. – 1980, Тереңөзек кенті) – қайраткер, ұстаз.

Аламесектегі (қазіргі Есет батыр ауылы) екі жылдық орысша–қазақша мектепті (1911), Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин ашқан мектепті, Троицкідегі расуилия мектебін, Бұқара медресесін (1917), Уфа мұғалімдер семинариясын (1919), Абай атында ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ, 1931) бітірген. 1919 – 58 ж. ұстаздық қызмет атқарды. 1929 ж. ашылған Азат мектебінің тұңғыш ұйымдастырушысы болды.

Алшынбаев тіл ғылымына елеулі үлес қосты. 1936 – 37 ж. 4 – 7 сыныптарға арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығын, «Педтехникумда қазақ грамматикасын оқыту методикасы» (1941) кітапшасын жазды.

Алшынбаев Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Тереңөзек кентіндегі көшеге Алшынбаев есімі берілген."Қазақ Энциклопедиясы"

Отбасы

Ұлы - Мұхтар Рахымұлы Алшынбай (Алшынбаев) (26.1.1926 ж.т.), техника ғылымдарының докторы (1969), профессор (1973), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003) және Ресей ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1978), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1980).

Дереккөздер

Санат:27 қаңтарда туғандар Санат:1893 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:1980 жылы қайтыс болғандар Санат:Тереңөзекте қайтыс болғандар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Бұқара медресесі түлектері Санат:Уфа мұғалімдер семинариясы түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ тілін зерттеушілер