Риян () – рияндар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер мен бұталар, жартылай бұталар.

Қазақстанда Каспий мен Арал теңіздері маңында, Балқаш-Алакөл ойысында, Қызылқұм мен Мойынқұмда, Іле және Күнгей Алатауларында өсетін 8 түрі бар. Жиі кездесетіні — Бояулық рияны (R. tіnctorum). Оның биікт. 2 м-дей, сүректенген жуан тамыры болады. Жапырақтары қандауыр немесе ұзынша эллипс тәрізді. Сарғыш-жасыл түсті ұсақ гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Маусым — қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. Жемісі алғашқы кезде қызыл-қоңыр, әбден піскенде қара түсті болады. Бояу Р-ынан қызыл бояу алынады.

Риянның 2 түрі: бор рияны, Резниченко рияны — өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы тарылып бара жатқан өсімдіктер болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген."Қазақ Энциклопедиясы", 7 том

Дереккөздер

Санат:Рияндар