Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Қорықтар

thumb|300 px|Алматы қорығындағы Талғар шыңы Ақсу-Жабағылы Алакөл Алматы Барсакелмес Батыс Алтай Қаратау Қорғалжын Марқакөл Наурызым Үстірт

Ұлттық парктер

thumb|300 px|Шарын шатқалы «Алтынемел» Баянауыл «Бурабай» «Бұйратау» Жоңғар Алатауы Катонқарағай «Көкшетау» «Көлсай көлдері» Қарқаралы Сайрам-Өгем Шарын Іле Алатауы

Резерваттар

«Ақжайық» «Ертіс орманы» «Семей орманы» Ырғыз-Торғай

Табиғат ескерткiштерi

Қаумалдар

Қорық аймақтары «Солтүстік Каспий» Арыс және Қарақтау Жусандала Кендірлі-Қаясан Оңтүстік Қазақстан

Қазакстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары картасы thumb|center|800px thumb|center|800pxҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы