Шелегино – Есіл өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев және Қызылжар аудандары аумағында.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 132,3 м биіктікте, су жиналатын алабы 384,0 км2. Аумағы 15,5 — 21,7 км2. Ең терең жері 2,3 м. Жағалауы жалпақ. Түбі тегіс, саздауытты, саздың қалыңдығы 0,1 — 0,7 м. Судың минералдығы 0,3 — 0,8 г/л. Суы жұмсақ, жаз соңында кермек тартады. Көл жағалауын қияқ, қоға, қамыс пен тал басқан. Суы ішуге, мал суаруға, ал жағалауы — шабындыққа пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы көлдері Санат:Қызылжар ауданы көлдері