Людмила Алексеевна Алексеева (1947 ж.т., Калининград қаласы) – механик, физика-математика ғылымының докторы (1992), профессор (1992). Мәскеу мемлекеттік университетін (1970), аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында инженер (1973–76), Сейсмология институтында аға ғылыми қызметкер (1976–86), 1986 жылдан жетекші ғылыми қызметкер, ҚР ғылым академиясының Теор. және қолданбалы математика институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1991 ж. «Динамика протяженных подземных сооружений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. А. 85-тен аса ғылыми еңбектің авторы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1947 жылы туғандар