thumb|200px Тасшыгүл (Androsace) – () – наурызшешек тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Кетпен тауларында, Жетісу(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының тасты, қиыршық тасты беткейлерінде, субальпі белдеулерінде өсетін 11 түрі бар. Сабақтары тік не тарбиған, бос не тығыздалған жастық тәрізді шым түзеді. Жапырақтары тамыр түбіне жиналып өседі, жіңішке қына не эллипс тәрізді, жұмсақ түкті. Тостағанша жапырақшалары қоңырау не шар тәрізді, ал күлтелерінің пішіні табақша не түтікке ұқсайды.

Аталығының саны – бесеу, гүл күлтесінен қысқа. Көпшілік түріне гетеростилия (өсімдік гүліндегі аналық мойны мен аталық ұзындықтарының бірдей болмауы) тән. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – шар тәрізді қорапша, піскен кезде 5 – 8-ге бөлініп ашылады. Жиі кездесетін түрі – жіңішке Тасшыгүл (А. fіlіformes) негізінен ылғалы мол орманды белдеулерде өседі; ақшыл Тасшыгүл (А. carnea), түкті Т. (А. vіllosa), т.б. түрлерін әсемдік үшін өсіреді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Наурызгүлдер