Тімтуір – Обаған алабындағы көл,

Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданы жерінде. Көршілес Қойбағар, Жаншора көлдерімен жалғаса Тімтуір ойысында орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 203,1 м биіктікте. Ауданы 54,3 км2, ұзындығы 9,5 км, ені 6,9 км, орташа тереңдігі 1,6, ең терең жері 3 м, су көлемі 80 млн. м3. Жағасының ұзындығы 27,4 км, су жиналатын алабы 3570 км2. Көлге Тімтуір өзені құяды. Көлдің шығыс жағасы биік (4,5 м-дей), тік жарлы, оңтүстік жайпақ, саздақты келеді. Негізінен қар суымен толысады. Судың минералдығы 0,8 мг/л. Қуаңшылық болған жылдары тартылып қалады. Солтүстік жағалауында өзімен аттас ауыл орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Қарасу ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы