Шеңгелді суару жүйесі - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы 1975 жылы іске қосылған.
6 шаруашылықаралық суару жүйесін біріктіреді. Суын Қапшағай бөгенінен алады. Жалпы ұзындығы 388,4 км, оның ішінде темір-бетон науамен қапталған бөлігі — 88,3 км. Су жүйесінен 12,6 мың га жердің егістігі суғарылады. Негізгі дақылдары: пияз, картоп, көкөніс.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Қапшағай географиясы Санат:Қазақстан суару жүйелері Санат:1975 жылы пайда болғандар