alt=Екі түрлі жұп символ: біреуі екі қосылған әйел адам символынан тұрса, екіншісі екі қосылған ер адам символынан құралған|нобай|оңға|Әйелдер (сол жақта) және ерлер (оң жақта) арасындағы гомосексуалдықтың символдары Гомосексуалдылық (кейде гомосексуалдық) — бірдей биологиялық жыныс немесе гендер иегерлерінің бір-біріне деген романтикалық, сексуалды құштарлығы және сол құштарлықтан пайда болатын сексуалды мінез-құлық. Жыныстық көзқарастың бір түрі ретінде, гомосексуалдық өзімен бірдей жынысты адамдарға бағытталған «тұрақты эмоциялық, романтикалық және/немесе сексуалды құштарлық үрдісі» деп анықталады. Сонымен қатар ол «адамның осы құштарлықтарға ие өзгелердің қауымына мүше болуына негізделген тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуы» деген анықтамаға ие.
Бисексуалдылық және гетеросексуалдылықпен қатар, гомосексуалдық — үш негізгі сексуалды бағытталу типтерінің бірі. Ғалымдар жеке тұлғаның сексуалды бағытталуын не анықтайтынын нақты білмейді, алайда соңғы теорияларға жүгінсек, бұл генетика, гормон және қоршаған орта факторлардың күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде туындайды деген болжамдар бар. doi: 10.1542/peds.113.6.1827. Ғалымдар сексуалды бағытталуды адам өз еркімен таңдамайды деген ортақ тұжырымға келген. Ғалымдардың көпшілігі негізінен биологияға негізделген теорияларға басымдылық береді, яғни бұл генетикалық фактор, ерте жатыр ішіндегі даму кезеңі, генетикалық және қоғамдық факторлардың қосындысы секілді теориялар. Ата-ана тәрбиесінің немесе ерте балалық шақ кезіндегі бастан өткерген жайттардың сексуалды бағытталуға қандай да бір әсері бар екендігін растайтын нақты және тұшымды дәлелдер жоқ. Кейбір адамдар гомосексуалдық белсенділікті табиғи емес деп санаса да, ғылыми зерттеулер гомосексуалдық адамның жыныстық қатынасындағы қалыпты және табиғи өзгеріс екенін және өздігінен теріс психологиялық әсерлердің көзі емес екенін көрсетеді.
Гомосексуалды адамдарды сипаттауда ең кеңінен қолданылатын терминдер — ер адамдар үшін гей және әйел адамдар үшін лесбиян терминдері. Алайда, гей термині кейде гомосексуалды еркектерге де, әйелдерге де қатысты қолданыла береді. Өздерін гей, не лесбиян деп танитын адамдардың нақты саны мен бір жынысты қатынастарда болған адамдардың қоғамдағы үлесін анықтау бірқатар себептерге байланысты біршама күрделі. Мысалы, көптеген гейлер мен лесбияндар гомофобия сияқты дискриминацияның әсерінен өз сексуалдығы жайлы ашық айта алмауы мүмкін. ISBN [Арнайы:Кітап_қайнарлары/0-262-12199-9 0-262-12199-9] Гомосексуалды мінез-құлық адам ғана емес, көптеген жануар түрлерінің арасында да анықталған.
Көптеген гейлер мен лесбияндар тұрақты біржынысты романтикалық қарым-қатынас құрады. Бұл қарым-қатынастар өзінің психологиялық ерекшеліктері мен әсері бойынша кез келген гетеросексуалды қарым-қатынастармен тең. Гомосексуалды қарым-қатынастар орын алған формасы мен айналасындағы мәдениетке қарай адам тарихы бойынша дәріптеліп те, душарланып та отырған. XIX ғасырдың соңынан бері әлемде гей тұлғалардың гетеросексуалдармен теңдігі мен қоғамдағы бостандығын мақсат еткен көптеген жаһандық қозғалыстар туындады.
Этимологиясы alt=Жүздеріне қарап құшақтасып жатқан екі ер бейнеленген ежелгі грек суреті|нобай|Зефир және Гиацинт аттикалық ыдысы, Таркуйния, б.з.д. 480 (Бостон өнер мұражайы) Гомосексуал сөзі — грек және латын тілдерінен шыққан сөздердің қосындысы. Бұл сөздің алғашқы бөлігі гректің ὁμός һомос «бірдей» (латын тіліндегі «адам» деген мағынаны білдіретін һомо сөзіне қатысы жоқ) сөзі. Терминнің -сексуал деген екінші жартысы латын тілінен алынған. sexus сөзін мен -ālis суффиксінен жасалған бұл сөз «секске, не сексуалдыққа қатысы бар» деп аударылып жатады.
Гомосексуал сөзі баспада алғаш рет 1869 жылы кездесті, терминді аустриялық жазушы Карл Мария Кертбени Пруссияның содомия жайлы заңына қарсы жазылған бір хатында қолданған. Бұл хат Карл Генрих Ульрихске жазылған еді. 1886 жылы неміс психиатры Рикхард фон Крафт-Эбиинг гомосексуал және гетеросексуал терминдерін өзінің Psychopathia Sexualis еңбегінде қолданған. Крафт-Эббингтің бұл еңбегі медицина қауымында да, жалпы қоғамда да өте кең таралуы себебінен екі сөз жылдар өте келе сексуалды бағытталуды сипаттайтын жалпыға белгілі терминдерге айналып кетті. Осылайша, терминнің қазіргі қолданысы XIX ғасырдағы тұлға таксономиясы дәстүрінен негіз алады.
Гей (еркектерге) және лесбиян (әйелдерге) сөздері — гомосексуалдарға қолданылатын ең кең таралған терминдер. Бұл сөздердің алғашқы әріптерін ЛГБТ аббревиатурасында табуға болады, бұл жерде Б және Т әріптері сәйкесінше бисексуал және трансгендер адамдарды білдіреді.
Гей сөзі негізінен гомосексуалды ер адамдарға қатысты айтылады, бірақ кейде, кеңірек мағынада барлық ЛГБТ адамдарды сипаттағанда да айтылып жатады. Сексуалдық контекстіде лесбиян сөзі тек гомосексуалды әйелдерге қатысты айтылады. Лесбиян сөзі Лесбос атты грек аралының атымен байланысты. Осы аралда әйел-ақын Сапфо өзінің жас әйелдермен болған эмоциялық қарым-қатынастары туралы жазған.
Кейбір ерте жазбаларда гомосексуалды сөзі кез келген бір жынысты контекстіде қолданыла беретін болған (мысалы тек қана қыздар оқитын мектеп), алайда, қазіргі таңда термин тек қана сексуалды құштарлық, мінез-құлық және бағытталуға қатысты қолданылады. Гомосоциалды термині соңғы кездерде нақты сексуалды емес алайда бір жынысты қатынастар контекстісінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар, бір жынысты сүйіспеншілікті сипаттау мақсатында кей жағдайларда гомофилия термині қолданылады.
Тарихы Кейбір ғалымдар «гомосексуалдық» термині ежелгі мәдениеттерге қолданылғанда проблемалы көреді, өйткені, мысалы, гректерде де, римдіктерде де қазіргі «гомосексуалдық» ұғымына сәйкес келетін сөз де болмаған делінеді. Ежелгі әлемде өмір салтының айырмашылығы немесе психологиялық немесе мінез-құлық профильдерінің дифференциациясы да болған емес. Дегенмен, қоғамның пікіріне қарамастан, әр жерде де, әр ғасырда да түрлі жыныстық қатынастың түр-түрі орын ала беретін. Ежелгі Грекияда жасөспірім ұлдардың егде жастағы ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсу үлгісі қазіргі мағынадағыдай гомосексуалдық бірегейлікті құрамады, өйткені мұндай қарым-қатынастар өмірбақи емес, өмірдің фазалары ретінде қарастырылатын, өйткені кейінірек бұл жас серіктестер әдетте әйелдерге үйленіп кететін.
alt=Топ алдында өрттеніп жатқан ер адам жұбы бейнеленген ортағасыр суреті|нобай|оңға|Екі гомосексуалдың өрттелуі (рыцарь Рихард фон Хоэнбург пен оның атқосшысы Антон Мэтцлер), Цюрих маңы, 1482 жыл Ибраһимдік діндердің ықпалында болған мәдениеттерде заң мен шіркеу содомияны Құдайдың заңына қарсы шығу мен табиғатқа қарсы қылмыс ретінде көрді. Ерлер арасындағы аналды жыныстық қатынасқа қарсы шығу христиандық сенімнен бұрын пайда болған. Христиандық тарихтың көпшілігінде христиан дінтанушылары мен конфессияларының көпшілігі гомосексуалдық мінез-құлықты күнә деп санады. Мұсылман әлемінде ЛГБТ адамдарға деген көзқарас қоғамдар мен жекелеген мұсылмандар арасында әр түрлі болады және ылғи өзгеріп отырады, бірақ қазіргі заманда теріс деп сипатталады. 37 (1): 1–53. Ежелгі Грекияда да оған қарсы шығу жиі болған; мысалы, Платонның бір кейіпкері ерлер арасындағы аналды сексты «табиғи емес» деп сипаттаған, бірақ оған қарамастан Платонның бұрын гомосексуалдық қатынастардың артықшылықтары туралы жазғаны да бар.
Африка Адамзат тарихындағы ең ежелгі гомосексуалдық жұп деп жиі Хнумхотеп және Нианххнумты айтып жатады. Олар Ежелгі Мысырда, шамамен б.з.б. 2400 жылға қарай өмір сүрген екі еркек жұбы болған. Екі ер мысырлық өнердегі ең сырлас поза, мұрын сүйген күйде бейнеленген. Антропологтар Стивен Мюррей мен Уилл Роско Лесотодағы әйелдердің мотсоалле деп аталатын қоғам рұқсат берген «ұзақ мерзімді, эротикалық қарым-қатынастармен» айналысатынын хабарлады. Антрополог Эдвард Эван Эванс-Притчард сондай-ақ Конгоның солтүстігіндегі еркек занде жауынгерлерінің үй шаруасына көмектесетін 12 мен 20 жас аралығындағы жас ер ғашықтарды қабылдағанын жазды. Екі еркектің санаралық секспен айналысқаны да айтылған. 72 (6): 1428–1434. doi: 10.1525/aa.1970.72.6.02a00170 S2CID 162319598
Америка Америкалық үндістер alt=Ұлттық киімін киіп, билеп жатқан үнділер суреті|нобай|оңға|Бердаши үшін би, Джордж Кэтлин суреті, шамамен 1850 жыл alt=Сөйлесіп жатқан екі ер адам суреті, арасында гүл салынған|нобай|оңға|Екі ацтек гомосексуалдың сөзі, Флоренция кодексі, 1577 жыл Көптеген басқа батыстық емес мәдениеттерге қатысты сияқты, жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестік туралы батыс түсініктерінің Колумбқа дейінгі мәдениеттерге қаншалықты қолдануға болатынын анықтау қиын. Гомоэротикалық сексуалды әрекеттер мен трансвестизмнің дәлелі Латын Америкасындағы ацтектер, майялар, кечуалар, моче, сапотектер, инктер және бразилиялық сияқты жаулап алғанға дейінгі көптеген өркениеттерде табылған.
Испаниялық отаршылар жергілікті халықтар арасында ашық түрде бар содомиядан қорқып, өз билігі кезіндегі бердашилерді (испандықтар солай атаған) қатаң жазаға алу арқылы құрлықтағы гомосексуалдықты жоюға тырысты, көпшілік алдында өлім жазасына кесу, өртеу және иттерге талату орын алған. 3 (2)
Канада Отаршылдық кезеңінде француздар да, британдықтар да біржынысты жыныстық қатынасты қылмыс қылды. Ерлер арасындағы анальды секс өлім жазасына кесілді. «Өте әдепсіз» саналған аналды секс Конфедерациядан кейінгі жылдары да қылмыстық құқық бұзушылық болып қала берді, бірақ бұдан былай өлім жазасына кесілмеді. Адамдар 1960 жылдардың аяғында біржынысты жыныстық қатынас үшін қудаланып жататын, бұл федералды парламенттің 1969 жылы Қылмыстық кодекске келісімі бар ересектер арасындағы аналды секс (тек екі адам ретінде анықталған) қылмыстық құқық бұзушылық болып таппайтын түзетулер енгізуіне әкелді. Заңды жақтаған сол кездегі Әділет министрі Пьер Эллиот Трюдо: «Мемлекеттің халық төсегінде еш орны жоқ» деді.
1990 жылдардан бастап Федералды парламент пен провинциялық заң шығарушы органдар біржынысты қатынастарды қарама-қарсы жынысты қатынастар сияқты қарастыру үшін өз заңдарына түзетулер енгізе бастады. 2005 жылы федералдық парламент Канадада біржыныстылардың некесін заңдастырған Азаматтық неке туралы заң қабылдады да, осы әрекеті арқылы біржынысты жұптардың некеге түсуіне рұқсат берді.
Канада әлемдегі гейлер тұрмысы үшін ең қолайлы ел ретінде аталды, 2018 жылы Гейлер үшін саяхаттау қолайлығы индексі бойынша бірінші орынға ие болды және 2019 жылы Forbes журналында ең қауіпсіз бес елдің қатарына енді.
Америка Құрама Штаттары 1986 жылы АҚШ Жоғарғы Соты «Боуэрс Хардвикқа қарсы» ісінде мемлекет содомияны қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін деп шешті, бірақ 2003 жылы «Лоуренс Техасқа қарсы» ісі бойынша өзін-өзі жойды және осылайша бүкіл Америка Құрама Штаттарында гомосексуалдық әрекетті заңдастырды.
Америка Құрама Штаттарында біржыныстылардың некесі 2004 жылы бір штаттан 2015 жылы барлық 50 штатқа дейін кеңейді.
Шығыс Азия alt=Екі ер адамның жыныстық қатынаспен айналысып жатқанын қарап жатқан әйел суреті, Қытай|нобай|солға|Екі ер адам арасындағы аналды секстің қаралып жатқаны бейнеленген сурет, Цинь империясы. XVIII ғасыр Шығыс Азияда біржынысты махаббат ең ерте жазылған тарихынан бері айтылып келеді.
Кесілген шабдалыға деген құмарлық және басқа да әртүрлі эвфемизмдер ретінде белгілі Қытайдағы гомосексуалдық шамамен б.з.б. 600 жылдан бері тіркелген. Гомосексуалдық Қытай әдебиетінің көптеген әйгілі шығармаларында айтылған. Қызыл үйдегі түс классикалық романында сипатталған бір жынысты адамдар арасындағы махаббат пен жыныстық қарым-қатынас жағдайлары дәл сол кезеңдегі гетеросексуалды адамдар арасындағы романдардың тең жағдайлар сияқты көрінеді. Бянь Эр Чай (弁而釵/弁而钗) сияқты Мин династиясының әдебиеті гетеросексуал қарым-қатынасқа қарағанда, ерлер арасындағы гомосексуал қарым-қатынастарды әлдеқайда жағымды және «үйлесімді» етіп көрсетеді. Ван Шуну жазған Лю Сун әулетінен шыққан жазбалар III ғасырдың аяғында гомосексуалдық гетеросексуалдық сияқты кең таралған болатын деп те мәлімдеді.