Шеру жорық, әскери салтанат. Түркі халықтарының тарихында сап түзеген қалың қолды немесе жорықты атаған. Мысалы, “...неше мың шеру әскер алып аттанды” (“Ер Тарғын”); жортуыл, аттаныс, салтанатты көш. “Көшу сапарын жортуылға, шеру мен аттанысқа ұқсатады” (М.Әуезов). Көшпелі елде, қазақта “шерулі көш” деген де ұғым бар. Мұнда көш сырнай, қобыз тартылып, ән шырқалып, думанмен өтеді; әскердің әскери техникамен салтанатты түрде өтуі (қ. Әскери шеру); әр түрлі ұжымдардың арнайы мерекелерге байланысты шеруі; цирк пен театрда қойылымның алдында және соңында сахнаға қатысушылардың көрермен алдына шығуы.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Әскери іс