Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады.

Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады: түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы; айқындық немесе жүйелілік; логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі; баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9 Лингвистиканың салалық тұрғысынан да мәтінге қойылатын талаптар болады. Лексикада — ресми құжаттар мен іс-қағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру; морфологияда — жалпылық мағына беретін сілтеу есімдіктерін қолданбау; синтаксисте — сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп, мақсат, салдар, шарт бағыныңқылы) көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру; қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы бұл стильдің ерекшелігін айқындай түседі.

Ресми стильдің шағын үш түрі бар: кеңсе (іс-қағаздары, қ. Кеңсе тілі); дипломат. және заң Ресми стильдері.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілі Санат:Қазақ тілінің стильдері