Ольга Алексеевна Решетниченко (5 мамыр 1914, Кременчуг, Полтава облысы, Украина — 4 шілде 2003, Алматы, Қазақстан) — актриса, Қазақ КСР халық әртісі (1966) және Шешен-Ингуш АКСР еңбек сіңірген әртісі (1940).

1930—1931 жылдары Днепропетровск музыкалық-театр техникумында оқыды. Сахналық жолын 1931 жылы бастады. 1948 жылдан Қазақстандағы Балалар мен жасөспірімдер театрының орыс труппасында (қазіргі Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында) актриса болды. Ол негізінен жас ұлдар мен қыздар рөлінде ойнау шеберлігімен ерекше көзге түскен сахна суреткері. Ал 1970 жылдан бастап ересектер рөлін ойнауға көшіп, көбіне комед. дарынымен көрермендердің ілтипатына бөленді. Киноға түскен."Қазақ Энциклопедиясы", 7 том

Дереккөздер

Санат:5 мамырда туғандар Санат:1914 жылы туғандар Санат:Кременчугте туғандар Санат:4 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Шешен-Ингуш АКСР-інің еңбек сіңірген әртістері Санат:Днепропетровск музыкалық-театр техникумы түлектері Санат:Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры әртістері