thumb|120px| Саксония аумағы Саксония — ертедегі сакс тайпалары мекендеген аймақ, князьдік. 1806 — 1918 ж. корольдік, 1918 — 45 ж. Германия аймағы болды. Князьдік алғаш неміс феодалдары 10 ғасырда полаб славяндарынан басып алған жерлерде пайда болған Мейсен маркасы негізінде құрылды. 1247 ж. Саксонияға Тюрингия, 1423 ж. Саксен-Виттенберг қосылды. 15 — 16 ғасырларда саксонияда қолөнер, мәдениет, сауда, өндіріс дамыды. 1814 — 15 ж. саксония аумағының жартысынан астамы Пруссияға берілді. 1871 ж. Герман империясы құрамына еніп, елдің аса ірі өнеркәсіп аудандарының біріне айналды. 1949 — 90 ж. ГДР құрамында болды. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Дереккөздер:

an:Saxonia (desambigación) be:Саксонія cs:Sasko (rozcestník) da:Sachsen (flertydig) de:Sachsen (Begriffsklärung) en:Saxony (disambiguation) eo:Sachsen fi:Saksi frr:Saksen fy:Saksen hr:Saska ka:საქსონია (მრავალმნიშვნელოვანი) nds:Sassen nds-nl:Saksen nl:Saksen pl:Sachsen ro:Saxon ru:Саксония sr:Саксонија (вишезначна одредница) sv:Sachsen (olika betydelser) vi:Sachsen (định hướng)