Лысенко Иван Захарович Лысенко Иван Захарович [20(7).9.1907, Украина, Днепропетровск облысы Кривой Рог ауданы — 28.5.1975, Алматы] — ғалым; техникалық ғылыми доктор (1962); профессор (1963). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1964). Кривой Рог тау-кен институтын бітірген (1930). Қазақ тау-кен-металлургия институтында [қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (1936 — 41)], Қазақстан ұА Кен ісі институтында (1945 — 49 және 1971 — 75) ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 1943 ж. КСРО ұА Қазақ бөлімшесінің кен ісі секторын, 1945 ж. Кен ісі институтын ұйымдастырған. Негізгі ғылыми еңбектері биік таудағы жер асты кендерін қазып алу жүйелеріне арналған. Жезқазған, Текелі, Лениногор кеніштерінде жоғары еңбек өнімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, кен массасын тиеу және тасымалдау үшін қажет машиналар кешенін жасап өндіріске енгізді. Лениногор және Текелі комб-тарында кенді блоктап құлатудың жаңа тәсілдерін тапты. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 өнертабыс және 6 монографияның авторы. Ленин орденімен, 2 рет “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер Система подэтажной выемки, А., 1948; Разработка высокогорных месторождений, А., 1958; Разработка рудных месторождений, М., 1963; Будущее методов добычи руд., А., 1971. Қазақ энциклопедиясы

Санат:Әдебиет