Хокусай Кацусика (; 21қазан 1760, Эдо, қазіргі Токио қаласы — 10 мамыр 1849, сонда) — жапон суретшісі, ағашқа салынатын гравюраның шебері, кескіндемеші, Укийе-э мектебінің ірі өкілі. 1777 — 1778 жылы Укийе-э мектебінің гравюрашысы К.Сюнсодан, т.б. тәлім алған. Оның шығармалары еңбегінің толысып қалыптасуынан қытайдың ортағасырлық пейзажы мен еуропалық өнерінің ықпалы айқын байқалды.
Суретші өз туындыларында қарапайым халық өмірінің тұрмыс-тіршілігін, туған жердің табиғат көрінісін шыншылдықпен бейнелеуге ұмтылды. 500-ден аса кітапты түрлі суреттермен көркемдеді. Ол “Манга” (“Аралас суреттер”, 1814) атты сурет кітаптарының (барлығы 12 жинақ), “Фудзидің 36 көрінісі” (1823 — 1829), “Көпірлер” (1827 — 1830), “Қытай мен Жапония ақындары” (1830), “Фудзидің 100 көрінісі” (1834 — 1835), “100 ән” (1839) секілді тамаша гравюралардың авторы. Кескіндеме саласында “6 өзен” (1833) туындысы белгілі.
Суретші туындыларынан адамдардың үнемі бітпейтін, күйбеңі көп күнделікті тіршілік тынысы мен тылсым тыныштыққа толы табиғат арасындағы кереғар тартысты көрсетуге деген ұмтылысты айқын аңғаруға болады. Қат-қабат, үздіксіз шығармалары ізденіс пен демократиялық бағытты ұстанған Хокусайдың шығармалары 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы Еуропа кескіндемесі мен графикасының даму жолына елеулі әсер етті.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том Еңбектері
Дереккөздер</span>
Санат:21 қазанда туғандар Санат:1760 жылы туғандар Санат:Токиода туғандар Санат:10 мамырда қайтыс болғандар Санат:1849 жылы қайтыс болғандар Санат:Токиода қайтыс болғандар Санат:Эдо кезеңі Санат:Жапония суретшілері Санат:Укиё-э суретшілері