Жылжымайтын мүлік салығы – жылжымайтын мүлік үшін бюджетке жыл сайын төленетін міндетті төлем.
Меншік нысандарына қарамастан заңды тұлғалар‚ олардың бөлімшелері‚ өкілдіктері‚ сондай-ақ жеке тұлғалар жылжымайтын мүлік салығын төлейді. Салық заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын негізгі өндірістік қорлар мен бейөндірістік қорлардың‚ жаңа және аяқталмаған құрылыс нысандарының, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттардың құнына салынады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Дереккөздер
Санат:Жылжымайтын мүлік Санат:Салықтар Санат:Салық салу