Жылысай — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Жылысай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Кеген ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде, Қулықтаудың солтүстік баурайындағы тарғақшөп, бидайық, т.б. әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен таудың қызыл қоңыр, қара топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17121610 1222 75,9 828 647 78,1 782 575 73,5

Тарихы Іргесі 1930 жылы кішігірім ұжымшарлар орталығы ретінде қаланып, кейін олар біріктіріліп (1970), қой кеңшары болып қайта құрылды. Оның негізінде 1997 жылдан серіктестік пен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Кеген ауданы елді мекендері