Нартай Бекежанов ауылы (1997 жылға дейін — Коммунизм) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Керделі ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде, Телікөл каналының жусан, баялыш, ши аралас өскен құрақты-қамысты аңғарында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2457 адам (1213 ер адам және 1244 әйел адам) болса, 2009 жылы 2776 адамды (1386 ер адам және 1390 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы 1997 жылға дейін «Коммунизм» деп аталып келген. Іргесі 1928 жылы қаланған. Күріш өсіруге маманданған бұрынғы «Коммунизм» кеңшары негізінде ауылда бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Ауылға белгілі ақын әрі әнші – Нартай Бекежановтың есімі берілген.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері