250px|нобай|оңға|Түлен аралдары Түлен аралдары (Тюлень аралдары, Итбалықты аралдар) — Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Түпқараған түбегінен солтүстік-батысқа қарай су асты жоны ретінде созылып жатыр; аралдар – осы жонның көтеріңкі жерлері. Құлалы, Теңіздік, Балықты, т.б. аралдардан тұрады.

Сипаты Жалпы аумағы шамамен 130 км², көбінесе теңіз деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Негізінен оолитті құмнан, саздақты жыныстардан құралған. Шөлейт және шөлге тән өсімдіктер өседі. Итбалықтар мемлекеттік қорғауға алынған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Каспий теңізі аралдары Санат:Маңғыстау облысы географиясы Санат:Қазақстан аралдары