Магнит ағыны Магниттік ағын, магниттік индукция ағыны — белгілі бір бет арқылы өтетін магниттік индукция векторының (В) ағыны (Ф). Егер dS шағын аудандағы В магнит индукция векторы тұрақты шама деп есептелсе, онда осы аудан арқылы өтетін Магниттік ағын (Ф) аудан мөлшері мен В векторының осы аудан нормалына түсірілген проекциясының (Вn) көбейтіндісіне тең: dФ=ВndS. Шектелген бет (S) арқылы өтетін Магниттік ағын (Ф) төмендегі интеграл бойынша анықталады: Ф= Тұйықталған бет үшін бұл интеграл нөлге тең, бұл жағдай магнит өрісінің соленоидтық сипатын, яғни табиғатта магнит зарядтардың — магнит өрісі көздерінің (магнит өрісін электр токтары туғызады) жоқ екендігін көрсетеді. Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі — вебер (Вб) Бірліктердің СГС жүйесінде — максвелл (Мкс); 1 Вб=108 Мкс. Магнит ағынның формуласы Ф=BS B=индукция векторы S= аудан

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы