thumb|right|200px| Сұлтан Мәжитұлы Оздоев(7.11.1939 жылы туған, Ресей, Солтүстік Осетия Республикасы, пригородный ауданы Базоркино селосы) – геология-минералдық ғылымының докторы (1986), профессор (1994). Қазақстан Ұлттық Fылым Aкадемиясының академигі (2003). Оқу жолы Қазақ политехникалық институтын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Жұмыс жолы 1967 жылдан Қазақстан Fылым Aкадемияның Геология ғылымдар ғылыми-зерттеу институтында инженер, аға, бас инженер, кіші, аға, жетекші және бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Ғылыми еңбектер «Геология и нефтеносность Устюрта и других осадочных бассейнов с обращенным платообразным рельефом» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның мұнай алаңдарының геологиясын зерттеу мәселелеріне арналған. Оздоев зерттелмеген кен орындарының болашағы мен оны анықтаудың бұдан бұрын қолданылмаған әдістерін: мұнайгаз кен орындарын барлап-болжау жұмыстарында қолданыс тапқан тау жыныстарының толқынданып орналасуына негізделген жаңа критерий ұсынды. 3 монография, 60-тан астам ғылыми еңбек жазған. Қосқан үлесі Оздоев 1995 жылдан Қазақстандағы ингуш ұлттық-мәдени орталығының төрағасы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар