Фаузия Шамсиқызы Оразбаева (3.5.1949 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Көкжыра ауылы) – филолог, педагогикалық ғылымының докторы (1996), профессор (1999). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005), Халықаралық Ресей педагогикалық ғылым академиясының академигі (2009).
Оқу жолы ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1975) бітірген. Жұмыс жолы Алматы қаласындағы орта мектепте мұғалім (1976–1977), Алматы шет тілдері институтында оқытушы (1977–1982, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті), аға оқытушы (1982–1988), доцент (1988–1989), ҚазМУ-да доцент (1989–1991), қазіргі ҚазҰПУ-да проректор (1991–1993), доцент (1996–1997) болды. 1997 жылдан кафедра меңгерушісі. Ғылыми еңбектер «Тілдік коммуникация мен қатысым әдісінің ғылыми-әдістемелік негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – қазақ тілі теориясы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, тілдік қатынас пен теориясы мен әдістемесі мәселелері. 320-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы. Марапаттар Ш.Ш.Уәлиханов атынд. сыйлығын лауреаты (2006).
"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>
Санат:Тұлғалар
Санат:1949 жылы туғандар