Рембрандт Харменсзун ван Рийн ( ; 15 шілде 1606 — 4 қазан 1669) — Голландия суретшісі әрі гравері. Ол Еуропа өнер тарихынадағы және голландия тарихындағы аса ірі тұлға, суретші және басылымшы болып саналады. Рембрандттың өнерге қосқан үлесі тарихта Голландия Алтын Дәуірі деген атпен белгілі болған тұспен сәйкес келеді.
Рембрандт жастайынан портрет суретшісі болып, табысқа ерте қолы жеткенімен, оның кейінгі өмірі трагедия мен кедейлік зардабына толы болды. Дегенмен, оның қолынан шыққан суреттер көпшіліктің назарынан түспей, оның суретші деген атағын көзі тірісінде жерге түсірмеген. Сондықтан да, жиырма жылдай бойы Голландияның түгелге жуық суретшілері одан дәріс алған. Рембрандттың аса көрнекті туындыларының санатында оның өз замандастарының портреттері, автопортреттері және библияға салынған безендіру суреттері жатады. Өз өмірін аса таза да шынайы қарапайымдылықпен көрсете білген автопортреттері ерекше әрі мағыналы.
Қысқаша өмірбаяны
thumb|left|Рембрандттың әйелі Саскияның портреті, 1635 шамасы. thumb|right|Ұлы Титус, 1660. Рембрандт Харменсзон ван Рийн (Rembrandt Harmenszoon van Rijn, «Харменсзон ұлы») 1606 жылдың 15 шілдесінде Нидерландның Лейден қаласында, табысты жанұяда тоғызыншы болып дүниеге келген. Әкесі Хармен Герритсзон ван Рийн (Gerritszoon van Rijn ) диірменші болса, шешесі Нийлтген Вилемсдохтер ван Зуйтбрук (Neeltgen Willemsdochter van Zuytbrouck ) наубайшының қызы болған. Балалық шағында ол Лейден Унивеситеті жанындағы латын мектебіне барғанымен, сурет өнеріне қызығушылығы басым болып, ол Лейден тарихи суретшісі Йакоб ван Суаненбургқа шәкірттікке жазылады. 1629 жылы Рембрандт Оран ханзадасы Фредрик Хендриктің көмекшісі Константин Гюйгенстің (атақты голланд математигі әрі физигі Христиан Гюйгенсің әкесі) көзіне түседі. Сол арқылы Гаага сотына тапсырыстар алып, кейіннен осы таныстықтан соң. Хендрик ханзада Рембрандттың суреттерін алып тұрады.
1631 жылы Рембрандт Амстердам қаласына көшіп келеді. Сол жерде Саскиа ван Уйленберг-пен (Saskia van Uylenberg) бірге бас қосып, олардың төрт балалары болады. Өкінішке орай, олардың үшеуі ерте қайтыс болды. Саскиа өмірден өткен соң, ол өзінің көмекшісі Хендрикие Стоффелс-пен (Hendrickje Stoffels) өмір сүріп, одан Корнелия (Cornelia) есімді қызды болады. Ребмдрандт 1669 жылдың 4-қазанында, Амстердамда қайтыс болды.
Атақты суреттері Рембрандттың қолынан екі мыңнан астам туындылар жасалған. Олардың арасынды 4 метрге дейін үлкен Түнгі Күзет Амтердамдағы Рийксмузейм-дe көрмеде тұр.
Рембрандттың шәкірттері thumb|300px| «Диірмен» (1641) thumb|300px| «Боран алдындағы аспан астындағы үйшіктер» (1635) Герард Доу (Gerrit Dou) 1628—1632 Исаак де Йодервиль (Isaac de Jouderville) 1629—1632 Якоб де Вет (Jacob de Wet) 1631—1632 Виллем де Портер (Willem de Poorter) 1631—1632 Говерт Флинк (Govaert Flinck) 1633—1637 Корнелис Браувер (Cornelis Brouwer) около 1634 Гербрандт ван ден Экхоут (Gerbrandt van den Eeckhout) 1635—1641 Лендерт ван Бейрен (Leendert van Beyeren) 1636—1642 Фердинанд Боль (Ferdinand Bol) 1636—1643 Ян Викторс (Jan Victors) 1636—1640 Якоб ван Дорстен (Jacob van Dorsten) 1640—1645 Самюэл ван Хогстратен (Samuel van Hoogstraeten) 1640—1646 Абрам Фернериус (Abraham Furnerius) 1640—1646 Рейнер ван Хервен (Reynier van Gherwen) 1640—1646 Ламберт Доомер (Lambert Doomer) 1640—1642 Карел Фабрициус (Carel Fabritius) 1640—1644 Бернхард Кейл (Bernhard Keil) 1641—1644 Кристоф Паудисс (Christoph Paudiss) 1642—1644 Иоганн Мейр (Johann Ulrich Mayr) 1642—1649 Барент Фабрициус (Barent Fabritius) 1643—1646 Карел ван дер Плюйм (Karel van der Pluym) 1643—1646 Дирк Сантвоорт (Dirck Santvoort) 1647—1648 Николас Мас (Nicolaes Maes) 1647—1651 Хендрик Хеершоп (Hendrick Heerschop) 1649—1650 Константин ван Ренесс (Constantijn van Renesse) 1649—1653 Виллем Дрост (Willem Drost) 1650—1654 Иоганн де Йонг Равен (Johannes De Jonge Raven) 1650—1651 Абрам ван Дейк (Abraham van Dijck) 1650—1651 Питер де Виз (Pieter de With werkz.) 1650—1651 Хейман Дюлларт (Heyman Dullaert) 1652—1656 Иоганн ван Глаббек (Johannes van Glabbeeck) 1652—1656 Якоб Левек (Jacobus Levecq) 1652—1656 Титус ван Рейн (Titus van Rijn) 1654—1657 Иоганн Лепенюс (Johannes Leupenius) 1660—1661 Арт де Гельдер (Aert de Gelder) 1661—1668 Готфрид Неллер (Godfried Kneller) 1668—1669 Антион ван Борссом (Anthonie van Borssom)
Автопортреттері
Басқа суреттері