Уақытша қызметкерлер – белгілі бір мерзімге жұмысқа қабылданған адамдар. Бұл мерзім екі айдан аспауға‚ ал уақытша жұмыста жоқ‚ жұмыс орны сақталатын адамдардың орнына қабылданған адамдар үшін – төрт айға дейінгі мерзім болуға тиіс. Қызметте уақытша жоқ қызметкерлердің орнына адамдар осы қызметкерлердің сырқаттануына‚ демалысына‚ ұзақ іссапарда жүруіне және басқа жағдайларға байланысты алынады. Уақытша қызметкерлер мен жылдың алты айдан аспайтын белгілі бір маусымына (көкөніс пен жеміс-жидекті ұқсату‚ қант өндіру‚ т.б.) қабылданған маусымдық қызметкерлерді ажырата білу керек.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Сілтемелер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Уақытша қызметкерлер · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.