Шақпақтас көмір кені — Жамбыл облысы Шақпақ темір жол станциясынан солтүстікке қарай 13 км, ал Бауыржан Момышұлы кентінен солтүстік-батысқа қарай 23 км жерде орналасқан. Кен орны 1877 жылдан белгілі, ол туралы алғашқы мәліметті В.Н. Вебер (1917) қалдырған.
Геологиялық құрылымы Кен орнының геологиялық құрылысына палеозой, юра және төрттік түзілімдері қатысады. Палеозой тау жыныстарының бетін үйлесімсіз жапқан юралық түзілімдер шақпақ, тас көмір және күркіреу шоғырларынан тұрады.
Жатыс сипаты Төрттік түзілімдердің қалыңдығы 20-100 м. 1939 жылы бұрғылау жұмыстары нәтижесінде ҚҚ, ҚҚҚ және ҚV кен телімдері ашылып, шахта салынған. Ондағы қабат қалыңдығы (0,2 — 0,8 м) мардымсыз болғандықтан шахта жабылып қалған. Шақпақ шоғырының көмірі газды, лапылдап жанады. Көмірдің С1 категориясы бойынша қоры 1,265 млн. т, ал С2-де 70 млн. тонна болады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы кен орындары Санат:Қазақстан көмір кен орындары