Уаң – аймақ бастығы, князь. 10 – 12 ғасырларда қытай императорлары өздерінің солтүстік мен батысында тұрған түркі-моңғол ұлыстарының билеушілеріне арнайы атақ ретінде беріп отырған. Атап айтқанда Керей ұлысының әйгілі билеушісі Тоғорыл қытайлардан уаң атағын алып, Уан (Ван) хан атанды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Сілтемелер