Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз. Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі: семантикасы (мағынасы); жасалу жолдары; этимологиясы. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топоним дер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топоним дердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Тарихы
Географиялық атауларға және олардың семантикалық мазмұнына деген қызығушылық адамзат өркениетінің қалыптасуының ең ерте кезеңдерінде туындады. Ежелгі Египеттегі мәтіндерде топонимдер сипатталып, жіктелген, бірақ бұл атаулар көбінесе мифологиялық сюжеттермен байланысты болды. Б. з. I ғ. топонимикалық ақпаратты ғылыми түрде қолдануға алғашқы әрекеттер жасалған. Оңтүстік Испаниядан шыққан, ежелгі ғалым Помпононь Мела «De situ orbis», сондай-ақ «Хорография» атымен танымал, жұмысында алғашқы рет топонимдерді ғылыми құрал ретінде қолданды. Белгілі бір тілге жататын географиялық атаулардың негізінде автор өзінің туған жері - оңтүстіктегі Лузитан мен Селтик аймақтарының шекараларын анықтауға тырысты. Бұл жұмыста автор географиялық атаулардың испан немесе басқа тілдерге тиесілігі негізінде, өзінің туған жерінің Лузитан мен Селтик аймақтарының - Иберий түбегінің оңтүстігінің шекарасын анықтауға тырысты. Сонымен қатар, топонимикалық деректерге деген ғылыми көзқарасты ортағасырлық Шығыс ғалымдарының шығармаларында да байқауға болады. Олардың қатарында: армян ғалымы Мовсес Хоренатси (VII ғасыр), Орталық Азия зерттеушісі және энциклопед Әбу Райхан әл-Бируни (X-XI ғасыр), түрік географы және тілші Махмұд Қашқари (XI ғасыр). Бұл ғалымдар топонимдердің этимологиясын ғылыми түрде түсіндіріп, Азияның гидронимдерінің қызықты түсіндірмелерін қалдырды. Алайда, ортағасырлық әртүрлі дерек көздерінде кездесетін жеке топонимдердің түсіндірмесі көбінесе спекуляцияға негізделген, өйткені топонимикалық заңдылықтарды анықтаудың әдістері әлі де болмады.
Жеріміздегі мыңдаған атаулардың шығу, пайда болу, дамып өсуі - бір ғана дәуірге тән емес, талай ғасыр, тарлан дәуірлердің куәсі, біздің заманға жеткен бай қазына, асыл мұрасы. Қазіргі қазақ жерінде сан қилы тарихи оқиғалардың болып өткені, жерімізді талай ұлыс, тайпа, ел, халықтың жайлап, мемлекет құрып, ғұмыр кешкендігі тарихтан мәлім.
Біздің дәуірізден бұрынғы VII-IV ғасырларда қазақ жерінде сақтар өмір сүріп, тарихта із тастағыны, алшын, дайлардың болуы, ал III-II ғ.қаңлылар, II-I ғасырларда Іле бойындағы сақтар мен йуздерді ығыстырып, Үйсін мемлекетінің өмір сүргені, жыл санауымыздың I ғасырынан, қытай жазбаларының көрсетуінде, қыпшақтардың, V ғасырдан арғын тайпасының, VIII ғасырдан найман, керей, қоңырат, жалайыр тайпаларының шығыс өлкемізді, 12 ата байұлының батыс аймағымызды мекендегені араб, батыс және қытай, грек ғалымдарының еңбектерінен, олардың жылнамаларынан белгілі.
Географиялық атауларға ғылыми географиялық ақпараттың маңызды көзі ретіндегі қызығушылық Ресейде XVIII ғасырда пайда бола бастады. Топонимдік бағыттағы зерттеудің негізін қалаушы, топонимияны географияның элементі ретінде қарастырған тарихшы және географ - В.Н. Татишев. Топонимикалық деректер географиялық зерттеулерде XIX ғасырда кеңінен қолданылды. Ең алдымен, Н.А. Надеждиннің «Ресей әлемінің тарихи географиясының тәжірибесі» (1837) топонимикалық материалға негізделген жұмысын айтап өткен жөн. Автор топонимикалық жоспарды тарихи-географиялық зерттеуде картографиялық әдісті қолдану қажеттілігі мәселесін көтереді. Ол сондай-ақ кейіннен қанатты болып кеткен: «Топонимика - бұл Жердің тілі» дәйексөзінің авторы. Топонимикалық зерттеулер А.Х. Востоков, М.А.Кастрен, Я.Кроттың сиақты академиктердің шығармаларында қарастырылады.
Осылай, XVIII - XIX ғасырларда топонимика саласының негізі қаланып, айтарлықтай материал жинақталып, топонимияның жиі кездесетін заңдылықтары анықталды.
left|Лев Семёнович (Симонович) Берг|нобай ХХ ғасырдың бірінші жартысында академик Л. С. Берг өзінің еңбектерінде танымал географиялық терминдер мен топонимдерді жинау, жіктеу, зерттеу және қолданудың география ғылымы үшін маңыздылығы туралы жазған. Ол былай деп жазды: «Тұрақты жергілікті халықтың ғасырлар бойы бақылауы мен данышпан халықтың шығармашылығының нәтижесі бола отырып, халықтық терминдер филологтар мен әсіресе географтардың назарына лайық». Автор алғаш рет терминдерді семантикалық өзгеріс феноменін байқап, кейін әртүрлі топонимикалық жүйелердің мысалдарын зерттеген. Топонимдерді географиялық зерттеуді қалыптастыру және дамыту үдерісіндегі маңызды кезең - ұлы ғалым-географ В.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің жұмыстары.
Топонимика ғылым ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғалымдардың еңбектерінің арқасында дамыды. А.В. Никонов бірқатар топонимикалық заңдарды тұжырымдады, топонимияның тарихилығын көрсетті, типологиясы мен жіктелуін жетілдірді. А. В. Суперанская жалқы есімдердің теориясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Топонимикалық зерттеулердің теориялық негіздері О.Н.Тручевтің, В. Н. Топоровтың, Н.И.Толстойдың, А.Поповтың, Ю.А.Карпенконың және т. б. ғалымдардың шығармаларында қарастырылған.Басик, С. Н. (2006). Учебное пособие по курсу" Общая топонимика"
Заманауи геотопонимикалық зерттеу бағытының негізін қалаушы ретінде Е.М.Мұрзаевті қарастыруға болады. Ол танымал географиялық терминдерден географиялық ақпарат алу әдісін ұсынды. Автор топонимдер географиялық орта туралы ақпарат көзі ретінде қарастырды. Э.М.Мұрзаевтың көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде көптеген жұмыстар жазылды, соның ішінде «Халықтық географиялық терминдер сөздігі». Е.М.Поспеловтың еңбектері топонимикадағы математикалық және картографиялық әдістерге, халық терминологиясы және географияны оқыту үдерісінде топонимияның қолданысына бағытталған.
Әлемнің түкпір-түкпірінде географиялық атауларды зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар: А. Доза, А. Шерпилё (Франция); Г. Краэ, М. Фасмер(Германия), Э. Экуолл, А. Смит, А.. Рум, С. Мэттьюз (Великобритания); А. Профоуз, В. Шмилауэр (Чехия); В. Тащицкий, Й. Сташевский, С. Роспонд, К. Рымут (Польша); В. Георгиев (Болгария); Л. Киш (Венгрия), И. Иордан, Г. Драгу (Румыния); М. Ольсон (Швеция); Дж. Р. Стюарт, Н. Холмер (США), Дж. Армстронг (Канада), А. Кардозу (Бразилия) және т. б. көптеген ғалымдар. Әртүрлі ғылым өкілдерінің күшімен топонимика ғылыми танымда өз орнын алды.
Жіктелуі Ороним - жер үсті қабатындағы нысандарының: тау, қырат, шың атаулары. Мысалы: Алатау, Хан Тәңірі, Алтай, Орал, Қаратау.
Спелеоним - жер асты қабатының нысандарының: үңгір, құдық, жар, лабиринт, сифон, жер асты өзен атаулары.
Хороним - кез келген территория, аймақ, облыс, аудан атауы. Мысалы: әкімшілдік, қалалық, табиғи хоронимдер, Шығыс Қазақстан, Орта Азия, Еуразия, Алматы облысы, Қызылжар ауданы.
Агроним - жер бөлімшелерінің атауы.
Гидроним - су нысандарының атауы. Потамоним - өзен атауы. Лимноним - көл, көлшік, тоған атаулары. Мысалы: Балқаш, Сасықкөл, Алакөл, Жалтыркөл. Гелоним - саз, батпақ атауы. Океаноним - мұхит не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Атлант мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді мұхиты. Пелагоним - теңіз не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Каспий теңізі, Арал теңізі. Пегоним - бұлақ атауы.
Елімізде тек қана өзен аты 85 мың болса, көл аттары 50 мыңның үстінде. Олардың ең ірілері: Балқаш, Сасықкөл, Теңіз, Марқакөл, Зайсан, Шалқар, Индер, Қарасор, Шортанды, Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Сілеті теңізі, Құсмұрын, Шағалалы теңізі, Үлкен Қараой, Арыс, Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Кеңгір т.б.
Топонимика нысан ерекшеліктеріне байланысты келесідей бөлінеді:
Ойконим - елді мекен атауы. Астионим - қала атауы. Мысалы: Москва, Варшава, Прага, Вышний Волочек. Урбаноним - қалаішілік нысан атаулары. Мысалы: агороним - алаң атаулары, годоним - көше атаулары, хороним, эмпороним-дүкен атаулары. Комоним - ауылдық елді мекен атауы. Мысалы: Кеген, Нарыңқол, Қарасу, Жекекөл. Дромоним - кез келген байланыс жолдары, жер үсті, су, жер асты, әуе қатынас атаулары. Мысалы: Жібек жолы, Қасқа жол.
Некроним - жерлеу орындары: зират, бейіттер мен молалардың атауы. Мысалы: Кеңсай, Ваганьковское кладбище.
Дримоним - орман, алқап, тоғай атауы. Мысалы: Роща, Баума, Беловежская пуща.
Инсулоним - арал атаулары.
Экклезеоним - ғұрыпты өткізу орындары мен кез келген дінге бағну орындары монастырь, шіркеу атаулары. Мысалы: Орталық мешіт, Никольская церковь.
Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге, мезотопонимдерге, микротопонимдерге бөлінеді.https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=1&id=301
Макротопоним - ірі физикалық-географиялық объектілерінің: тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б. атаулары. Мысалы: Сарыарқа, Ақжайық, Нарын, Бетпақ дала, Қызылқұм.
Мезотопоним - жеке таулар, теңіздер, т.б. атаулары.
Микротопоним (шағынтопоним) - кең қауымға беймәлім географиялық объектілердің:көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б. атаулары.
Пайда болу жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі.
Эндоним - жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық нысандарға берген атаулары.
Экзоним - сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген атаулары.
Этнотопоним - этнонимдердің қатысымен қалыптасқан жер-су атаулары. Мысалы: Қалмаққырған, Қоңырбұлақ, Базар, Шүршүтсу.http://atau.kz/docs/3020.pdf Мәдиева Г.Б., Иманбердиева С. Қ., Ономастика : зерттеу мәселелері, 2005. ISBN 9965-640-03-3
Топонимика және география География үшін топонимия өте маңызды. Топонимдер географиялық объектілердің орналасуын анықтайды және жеке географиялық түсініктерді көрсетеді. Тарих үшін уақыт бойынша бағдар маңызды болса, география үшін кеңістіктегі бағдар өте маңызды. «Географиялық орналасуы» ұғымы өте жақсы дамыған. Бұл жерде Н. Баранскийдің еңбегі үлкен рөл атқарды, оның айтуынша: « Географиялық объектілердің математикалық орналасуы координаттар жүйесінде, физикалық орналасу - физикалық картада, экономика-географиялық орналасу - экономикалық картады, саяси-географиялық орналасуы - саяси картада беріледі». Географиялық картаға түсірілген бұл және түрлі ақпараттың құдайы арасында номенклатураның құрметті орны бар. Географиялық картаға енгізілген осы және басқа да түрлі ақпараттардың ішінде номенклатура құрметті орынға ие. Географиялық нысандар алуан-түрлі болып келеді және оларды тағайындау үшін арнайы сөздер қажет. Брест және Бобруйск қалалары көлемдері бойынша шамамен тең және картада бірдей белгілермен белгіленеді. Бірақ олардың арасында тек математикалық немесе географиялық тұрғыда айырмашылықтар ғана емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл жерде А.В. Даринскийдің сөзін өте орынды: «жекелеген географиялық объектілердің әр-қайсысы өзінше ерекше және олардың әр-қайсысына олармен біртұтас болып келетін белгілі бір географиялық атау сәйкес келеді».