Оразгүл Хасенқызы Мұхатова — тарих ғылымының докторы (1999), профессор (2003).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 29 ақпанда қазіргі Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Матай ауылында туған.

Алматы темір жол мектебін (1979, қазіргі ALT Университеті), ҚазМУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Өскемен жол құрылысы институтында оқытушы (1984-1999), Жетісу мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, ұзақ жылдар бойы Қазақ ұлттық университетінде профессор қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – Отандық тарихнама ғылымының теориялық-методикалық мәселелерін зерттеу. "Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы (ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасыр)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. "Алаш" тарихи-этнологиялық ғылыми журналдың жауапты хатшысы. 180-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, бірнеше оқу және оқу-әдістемелік құралдарының, 16 қазақтың ру-тайпалары тарихы бойынша жарияланған кітаптардың авторы.

Марапаттары "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Сыртқы сілтемелер Оразгүл Хасенқызы Мұхатова.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Профессорлар