Лев Сергеевич Роктанэн (11.1. 1915, Ресей, Новгород облысы Окуловка ауданы Угловка кенті – 10.12.1979, қазіргі Астана қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1971), проф. (1971). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ленинград (1940, қазіргі Санкт-Петербург) а. ш. ин-тын бітірген. Молдова мен Башқортостанда ғыл. (1940–60) және Целиноград а. ш. ин-тында кафедра меңгерушісі (1960–79, қазіргі Астана агр. ун-ті) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері егіншілік және топырақтану мәселелеріне арналған. Р. топырақ тығыздығын реттеу әдістерін, сүрі жер егістігін тұқым себуге әзірлеу технологиясын ұсынды.

Санат:Тұлғалар