Фәтима Машанбекқызы Мұсабекова (14.9.1926 жылы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 4.4.1988, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1976), профессор (1979). ҚазПИ-ді (1948, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1950) бітірген. Алматы шет тілдері институтында (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) оқытушы (1951–58), ҚазҰПУ-да доцент, кафедра меңгерушісі (1958–79) қызметтерін атқарды.Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер стилистикасы«Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер стилистикасы» атты тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылми еңбектері қазақ тілінің пунктуациясы, стилистикасына арналған.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Cілтемелер филология профессор доцент

Санат:Қазақстан ғалымдары