Маяқұм ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Бестам, Қостерек, Маяқұм ауылдары кіреді. Орталығы – Маяқұм ауылы. Округ құрамында болған Аққұм, Ешкіқора ауылдары 2020 жылы таратылған.Түркістан облысы Отырар ауданының бірқатар елді мекендерін тарату туралы

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Бестам ауылы148 109 73,6 69 55 79,7 79 54 68,4 Қостерек ауылы 697 579 83,1 368 307 83,4 329 272 82,7 Маяқұм ауылы 3000 2634 87,8 1525 1381 90,6 1475 1253 84,9 Жалпы саны 3845 3322 86,4 1962 1743 88,8 1883 1579 83,9

Тарихи деректер Маяқұм ауылының маңында тарихы тылсым көптеген ірілі-ұсақты қалалардың орны төбешікке айналған. Олар: Оқсыз, Тектұрмас, Бөріойнақ т.б төбелер.

Орта ғасырлық қала - Оқсыз ("Уәсіж", "Васидж") атына сай оқ-дәрі шығарумен айналысқан. Бұрынырақта Ұлы Жібек жолының бір бағыты осы Оқсыз арқылы өтетін. Себебі Отырарға жақын, экономикалық байланысы тығыз болған. Сондай-ақ Оқсызда Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген. Оның әкесі әскери адам болған, сондықтан Әл-Фарабидың Оқсызда туылуы деген дерек тегін емес. Мұны әлі де нақты зерттеу керек. Көптеген оқулықтарда Әл-Фарабидың туған жері Отырар саналады, бұл дұрыс та. Себебі ара қашықтығы жақын, екі қала арасындағы байланыс қоян-қолтық дәрежеде болған, сондықтан Оқсыз Отырардың бір бөлігі болуы да ықтимал.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы ауылдық округтері