Жуантөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Жуантөбе ауылы кіреді. Орталығы – Жуантөбе ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том. Округ құрамында болған Қоңыратарық ауылы 2023 жылы таратылды.Түркістан облысы Созақ ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Жуантөбе ауылы1645 1959 119,1 834 974 116,8 811 985 121,5 Қоңыратарық ауылы 278 28 10,1 149 18 12,1 129 10 7,8 Жалпы саны 1923 1987 103,3 983 992 100,9 940 995 105,9 >
Әкімшілік бөлімшелер Ауылдық әкімшіліктегі отбасы саны – 424. 1 орта мектеп, 1 емхана, 1 ФАП, 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана, 1 Қазпошта бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, телестанция бар. Кеңшар директорлары Жуантөбе ауылындағы кеңшар 1946 жылы құрылғанда директорлары болып Еңсебаев Нағашбек (1946-1948 жылдары), Дүйсенов (1948-1950 жылдары), Есетов (1950-1952 жылдары), Сүтжанов Бөкебай (1952-1954 жылдары), Мұханов Қалкен (1954-1958 жылдары), Акимов Әбдеш (1958-1862 жылдары), Танабаев Қанат (1962-1968 жылдары), Айтжанов Сейдахмет (1968-1975 жылдары), Алыбаев Нәжман (1975-1985 жылдары), Исхақов Ахмет (1985-1992 жылдары), Белходжаев Жомарт (1992-1996 жылдары), Тайбеков Әлмахан (1996-1999 жылдары) қызмет атқарды. Ауылдық кеңес төрағалары Ауылдық кеңес төрағалары болып Құтжанов Нұртай (1946-1954 жылдары), Қасқыров (1954-1960 жылдары), Қанаев Қыдырбек (1960-1964 жылдары), Сүлейменов Құдірет (1964-1969 жылдары), Әбдіқасов Айнакеш (1969-1977 жылдары), Шойынбаев Әбітай (1977-1985 жылдары), Әлібаев Өмірзақ (1985-1994 жылдары) қызмет атқарды. 1994-2004 жылдары Айдарбеков Болат ауыл әкімі болды. 2004 жылдан бастап Арын Жұмағали ауыл әкімі қызметін атқарып келеді.Шолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл.
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы ауылдық округтері