Әлнұр Әлжаппарұлы Мұсаев(4 қаңтар 1954, Луговой ауылы, Луговой ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) – мемлекет қайраткері, генерал-майор.

Өмірбаяны Ысты руынан шыққан. Қазақ политехникалық институтын(1976), КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жоғары мектебін (1980) бітірген. 1976 – 79 ж. Оңтүстік Қазақстан аумақтық геологиялық басқармасында экономист, аға инженер, 1980 – 86 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері, 1986 – 89 ж. КСРО ІІМ Бас басқармасының 8-бөлімі бастығының орынбасары, 1989 – 94 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, 1994 – 95 ж. ҚР ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес бас басқармасының бастығы, 1995 – 97 ж. ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары, 1997 – 99 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметін атқарды. 1999 – 2003 ж. ҚР Президентін қорғау қызметінің бастығы.Қазақ энциклопедиясы.

Сілтемелер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:КСРО МҚК қызметкерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан ҰҚК төрағалары