Қанабай – Батыс Үстірт кемерінің шығысындағы төбе.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төлеп ауылының солтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 258 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 18 км. Үстірттің батыс бөлігіндегі төбенің беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Төбенің оңтүстігінде биіктігі 5 м-дей болатын қорғандар кездеседі. Батысы мен шығысында Дүйсенбай, солтүстікнде өзімен аттас құдық орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, күйреуік, бұйырғын, т.б. өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Қарақия ауданы таулары Санат:Төбелер