Қандысу, Шорға — Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Сауыр жотасының солтүстігіндегі Шілікті аңғарындағы бұлақтардан алып, Қабанбай ауылы тұсында Зайсан көліне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 121 км, су жиналатын алабы 4640 км2. Аңғары кең (0,5 – 3,0 км), арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 5 – 6 м3/с. Өзен суымен 1,5 мың га егін суғарылып, 500 – 600 мың га шабындық суландырылады.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Этимологиясы Шорға - моңғол тілінде цорго "шұрғы", "шүмек" сөзінен жасалған түбір топоним. Шорға шағын өзені басын Тарбағатай тауынан алып, Зайсан көліне құяды, ал кез келген судың көлге құятын немесе көлден ағып шығатын жерін қазақтар шүмек деп атайды. Шорға (Цорго) қазақ тілінде шүмек географиялық терминінің моңғол тіліндегі баламасы болып шығады.

Дереккөздер

Санат:Тарбағатай ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы