Қантөрткіл – Шағырай қырқасының оңтүстігіндегі төбе.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылының шығысында 56 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 262 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км шамасында. Жайпақ беткейлері жонды-қырқалы төбешіктерден тұрады. Солтүстік-батысында Жаман Қантөрткіл төбесі, оңтүстігінде Төрткіл бұлағы орналасқан.
Өсімдігі Тақыр типтес сортаңды топырағында шөл өсімдіктері өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы таулары Санат:Төбелер