Шағыров Ізбасар Ахметұлы (1 қыркүйек 1910 жыл, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылы – 24 сәуір 1995 жыл, Алматы қаласы) – ғалым, биология ғылымының докторы (1976), профессор (1978).

Өмірбаяны

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1934), Орынбор ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын (1940) бітірген.

1935 – 1937 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ассистент, 1940 – 1945 жылдары Түркіменстан ауыл шаруашылық институтында лабoратория меңгерушісі болды.

1962 жылдан Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биология институтында қызмет атқарған.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері жануарлар гистологиясы мен эмбриологиясы салаларына арналған. Шағыров ешкі малында кездесетін жұқпалы кебенек ауруын ашып, онымен күресу жолдарын анықтап берді. Оның 60-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Қазақ Энциклопедиясы X том Дереккөздер