thumb|300px|Деформациялау диаграммасы Деформация (ағылш. deformation) — сыртқы күштердің, температураның, фазалық түрленулердің және ылғалдылықтың әсерінен дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі барысында оның бөлшектерінің орын ауыстыруына алып келетін үдеріс.

Кернеу артқанда деформация әсерінен дене толық бұзылуы да мүмкін. Материалдардың деформацияға және әсер ететін күштерге төзімділігі олардың механикалық қасиеттерімен анықталады. Әрбір деформация түрі оған әсер еткен күшпен сипатталады.

Деформацияның түрлері Денеге әсер ететін күштердің сипатына қарай деформацияны келесі түрлерге бөледі:

Созылу деформациясы — денеге сыртқы күш әсер еткенде оның ұзындығы артып, серпімді немесе пластикалық өзгеріс пайда болады. Созылу кезінде бөлшектер бір-бірінен алыстап, дененің бастапқы ұзындығы ұлғаяды. Сығылу деформациясы — денеге сыртқы күштер әсер еткенде, оның ұзындығы немесе көлемі қысқарады. Ығысу деформациясы (немесе кесу) — күштің әсерінен дененің қабаттары бір-біріне параллель бағытта ығысып, пішінін өзгертеді. Бұрау деформациясы — дененің бір бөлігі екінші бөлігіне қатысты айналдырылып (бұралып), пішінінің өзгеруі. Майыстыру деформациясы — күш әсерінен дененің иіліп, пішінінің өзгеруімен сипатталады.

Ең қарапайым деформация түрлеріне созылу, сығылу және ығысу (кесу) жатады.

Толығырақ

Деформация — сыртқы күштердің әсерінен дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі. Бұл процесс дене бөлшектерінің бір-біріне қатысты орын ауыстыруынан болады.

Деформация сөзінің этимологиясын талқыласақ, "деформация" сөзі латынның deformatio сөзінен шыққан. Түпнұсқада "бүліну, бұзылу" деп аударылған, бірақ ғылыми тілде бұл "пішінсіздену" немесе "кескінсіздену" дегенге жақынырақ.

Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады. Мысалы, қолдың эспандерге әрекетін алайық. Эспандерді созу кезінде қолдың бұлшық еттері қатаяды (деформацияланады), эспандер де деформацияланады, яғни ол өз пішінін өзгертеді. Деформация пластикалық және серпімді болып бөлінеді.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады. Пластикалық деформациядан кейін, дене өзінің жаңа пішіні мен өлшемін толығымен немесе жартылай сақтайды, ал осындай дене пластикалық дене деп аталады.Мысалы, пластилиннен немесе саздан көп күш түсірмей-ақ қандай да бір пішіндегі денені жасауға болады. Ал қолымыздың пластилинге әрекет етуі тоқтағаннан кейін ол өзінің жаңа пішінін сақтап қалады.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация серпімді деп аталады.

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама-қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күш деп аталады. Мысалы, допты тепкен кезде, ол өзінің пішінін өзгертеді, яғни деформацияланады. Серіппеге қандай да бір күшпен әрекет ете отырып, оны созуға немесе қысуға болады. Деформациялаушы күш тоқтағаннан кейін серпімділік күші денені бастапқы қалпына келтіреді. Сол сияқты ауа шарын үрлеуді тоқтатсақ, ол да бастапқы пішінін алады. Дененің деформациялануы артқан сайын бұл кезде пайда болатын серпімділік күші де артады. Ал түсірілген күштің шамасы белгілі бір шектен асқанда (әр түрлі материалдар үшін түрліше), денелер серпімділік қасиетін жоғалтып, ең соңында пластикалық сипат танытады. Мысалы, ағаш сызғышты аздап иіп, сонан соң қайтадан босатсақ, онда ол бастапқы қалпына келеді. Ал егер оны июге едәуір көп күш жұмсайтын болсақ, сызғыш морт сынып қалады. Металдардың, әсіресе болаттың, серпімділік қасиеті өте жоғары болады.

Күнделікті өмірде пайдаланылатын көптеген нысандарды (тұрғын үйлерді, күнделікті өмірде кеңінен пайдаланатын нәрселерді) көбінесе қатты әрі берік материалдардан жасайды. Ондай материалдардың деформациясын (созылуын немесе сығылуын) жай көзбен байқап, сезіну мүмкін емес. Ал енді бір мезет көз алдымызға жұмсақ еденді, үстелді, ыдысты елестетіп көрейікші. Әрине, мұндай оңай деформацияланатын әлемде өмір сүру де өте қиын болар еді.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Деформация формуласы

Мұндағы: — Дененің деформациядан кейін ұзындығы — Дененің бастапқы ұзындығы (''e'') — Салыстырмалы деформация

Дереккөздер

Санат:Деформациялар Санат:Материалдар қарсылығы Санат:Материалтану Санат:Серпімділік теориясы