Кербұлақ — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Қонаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км, ауылдық әкімшілік округ орталығы – Шеңгелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км, Қапшағай су қоймасының жағалауынан солтүстікке қарай 7 км-дей жерде, қамыс, құрақ, ши аралас өскен сұр, сортаңды сұр топырақты қуаң далада орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19321543 1754 113,7 798 896 112,3 745 858 115,2

Тарихы Іргесі 1977 жылы Талғар ауданының тұқым шаруашылығымен айналысатын “Кербұлақ” кеңшарының орталығы болып құрылды. 1997 жылдан оның негізінде Кербұлақта ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасты.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Қонаев қалалық әкімдігі елді мекендері