Жабдық — бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Жабдық - нақты жұмыс түрін атқаруға қажетті техникалық құрал.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Гараж жабдығы - көлік құралын ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өткіз үшін керек құрал-жабдықтар. Автомобильдің қосымша жабдығы - автомобильдің қолайлылығын көтеру үшін қосымша орнатылған құрылғылар. Аспалы жабдық - арнайы жұмысты немесе көтеру-тасымалдау жұмыстарын атқару үшін арнайы автомобильге (немесе тракторға) ілінетін ауыстырмалы жабдық; жабдықтың массасының барлық салмағы автомобильге (тракторға) түседі (мысалы: кран, бульдозер). Көтеріп-қарау жабдығы - көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу кезінде бір уақытта үстінен, астынан және жанынан жұмыс істеуге қолданылатын жабдық. Көтеру-тасымалдау жабдығы - көп жағдайда техникалық құралға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде олардың афегаттары мен басқа да жүктерді тасымалдауға қолданылатын жабдық. Тіркеме жабдық - арнайы немесе көтеру-тасымалдау жұмыстарын атқару үшін автомобильге (немесе тракторға) тіркеп жалғанылатын ауыстырмалы жабдық; жабдықтың массасының барлық салмағы автомобильге (тракторға) түспейді (мысалы: жол катогы). Дереккөздер
Санат:Механизмдер