Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты – ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан аумақтардағы тұрғындарға медициналық көмек көрсететiн және сәуледен кейiнгi зардаптардың әсерiн зерттейтiн ғылыми мекеме. ҚР Денсаулық сақтау министрілігінiң қарамағында. 1957 ж. Семей қаласында ашылған. Алғашқыда арнайы медициналық мекеме №4 диспансер, 1965 ж. №4 сарыпқа қарсы диспансер болып өзгертiлдi. 1991 жылдан ҚР Мин. Каб-нiң шешiмi бойынша қазiргi атымен аталады. Құрамында: клиник. радиология, статистикалық талдау және клиникалық эпидемиология, радиоэкология және биология дозиметрия мен цитологиялық лаборатория, машинамен тiзiмдеу және сауықтыру жұмыстары, компьютерлiк бағдарламалау бөлiмдерi бар. Негiзгi ғылыми бағыттары: әр түрлi радиоэкологиялық жағдайларда радиациялық сәулеге ұшыраған Қазақстан тұрғындарының автоматтандырылған медициналық тiзiмiн жасауға; Қазақстанның бақылау аймағына кiретiн, ядролық сынақ аймағына жақын орналасқан елдi мекендерде мониторинг жүргiзу; радиациялық сәулеге ұшырағаннан кейiн байқалатын медициналық-демографиялық зардаптардың мөлшерi мен сипатына баға беру; радиация әсерiнен пайда болған жалпы соматикикалық және онкологиялық ауруларды емханалық-эпидемиологиялық бiрiздiлiкке түсiрiп, сол аурулардың даму ерекшелiктерi мен радиациялық қаупiнiң кең спектрi бойынша ұзақ мерзiмдiк сипатын бағалау үшiн когорттық зерттеулер жүргiзу; сәулемен ауырған адамдардың ұрпақтарын медицина-генетикалық зерттеуден өткiзiп, оларда байқалатын жалпы соматикикалық патологиялар мен радиация арасындағы байланыстың медциналық-демографиялық көрсеткiштерiне баға беру. Институт ғалымдары Жапония, Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Ресей ғылыми-зерттеу инситуттарының ғалымдарымен радиациялық медицина және экологиялық қауiп-қатердiң адам организмiне әсерiн зерттеу жұмыстарын жүргiзедi. Институт ғалымдарының 10-нан аса әдiстемелiк ұсыныстары жарық көрдi."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>
Санат:Қазақстан ғылыми-зерттеу институттары