Материалдық-техникалық база, өндірістің материалдық-техникалық базасы — экономикалық үдерістерде пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтарының, қоғамның өндіргіш күштеріне жататын материалдық, заттық нышандардың жиынтығы (еңбек құралдары мен заттары). Экономиканың М.-т. б-сына салалық құрылымдар, оның инфрақұрылымының негізгі және көмекші салалары жатады. Кәсіпорынның М.-т. б-сы өндірістік алаңдардың болуын және оның өндіріске бейімделіп жарақтандырылуын, жабдық паркінің болуын, қолда бар материалдық қорлардың өндірістік бағдарламаға сай келуін қажет етеді.Қазақ ЭнциклопедиясыҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Экономикалық терминдер